Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 16:52 Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі
Шараның мақсаты - халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

Облыс әкімдігінің бастамасымен сала мамандары 2019 жылдың 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы "Шапағат", "Дастархан", "Дастан", "Береке", "Бәйтерек", "Жібек жолы" сауда үйлерінде және "Қуаныш", "Алтын бұлақ" базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 16:52

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың желтоқсанның 14-і күні Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мусаев және облыс әкімдігінің қызметшілері алда келе жатқан мерекелер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 16:52

Мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сауда орындарындағы нарықтың қалыпты екеніне көз жеткізді және базардағы тауарлардың бағасы үнемі қадағалауда болатынын айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 16:52

Шараның мақсаты - халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: