Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілуде
Сурет: Алматы әкімдігі
2026 жылғы 16 сәуірден бастап "Барыс-4" базарындағы көтерме сауда нарығында бағаға жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Бұл жұмысқа Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті тартылған.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Шекті сауда үстемесін (15%-дан аспайтын) сақтау және жеткізу тізбегіндегі тиімсіз делдалдық буындарды қысқарту мәселесіне ерекше назар аударылады.

Сурет: Алматы әкімдігі
Сонымен қатар, кәсіпкерлермен және базар әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сауда-саттыққа қатысушыларға заңнама талаптары, баға белгілеудің ашықтығы, сондай-ақ қолжетімді әрі дұрыс рәсімделген баға белгілерінің болуы қажеттігі түсіндіріліп келеді.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары қабылданады.
Мониторинг қорытындысы бойынша материалдар өңірлік комиссияда қаралады. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылады.
Бұған дейін Алматыда жаңбыр қашан тоқтайтындығын жазғанбыз.