Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейді

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 22:19 Сурет: Астана әкімдігі
Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Астанада азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, мониторингтік топ құрамына сауда департаменті, әкімдік, мемлекеттік кірістер органдары және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері енген.

Азық-түлік бағасын қаладағы ірі сауда нысандарында комиссиямен бірге Астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев тексерді.

Сурет: Астана әкімдігі

Негізгі мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу және тиімсіз делдалдық схемаларды анықтау.

"Бүгін өңірлік комиссия мүшелерімен бірге қаланың ірі базарларын аралап шықтық. Негізгі міндет – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізу және делдалдық схемаларды анықтау. Қазіргі таңда түсіндіру жұмысы жүргізіліп, ет өнімдеріне – сиыр, жылқы және қой етіне баға бақылауы қойылды", – деді Мақсат Жанабаев.

Мұндай тексерістер тұрақты түрде жүргізіліп, астаналықтар үшін азық-түлік қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұған дейін мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындарына маңызды ескерту жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: