Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жалғасып келеді

Алматыда көктемгі маусымда тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күнгі жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарды "Алматы" ӘКК" АҚ өткізіп отыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 10:43 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда көктемгі маусымда тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күнгі жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарды "Алматы" ӘКК" АҚ өткізіп отыр.

Жәрмеңкеде Алматы қаласының және Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілерінің өнімі ұсынылған.

Сауда алаңдарында 1000-нан астам азық-түлік өнімі қойылған.

2026 жылдың басынан бері жәрмеңкелерде шамамен 8,5 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да бар. Бүгінде демалыс күнгі жәрмеңкелерге 60 мыңнан астам адам келген. Бұл форматтың қала тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2026 жылы 16 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа жәрмеңке жұмысын бастады. Алдағы уақытта жәрмеңкелердің ауқымын кеңейтіп, қаланың барлық 8 ауданын қамту жоспарланып отыр.

Жәрмеңке әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

  •  Бостандық ауданы: "Қазақфильм" шағынауданы;
  •  Әуезов ауданы: Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
  •  Медеу ауданы: Меңдікұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;
  •  Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
  •  Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы.

Сонымен қатар "Алматы" ӘКК" АҚ Бостандық ауданындағы ("Қазақфильм" шағынауданы) және Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңкесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаны сауда алаңдарын санитарлық, сәулеттік және инфрақұрылымдық талаптарға сәйкестендіруге, сондай-ақ қала тұрғындары үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: