Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да егіздер ел ертеңі үшін дауыс берді

БҚО тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 13:52 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
БҚО Жоғары Медициналық колледжінің 2-курс студенттері ағайынды Аслан мен Руслан Махамбетұлдары №416 сайлау учаскесіне барып, өз болашақтары үшін таңдау жасады. Еліміздің азаматы ретінде сайлау құқығын пайдаланған егіздер ел сенімін ақтар азаматтар билік тұғырынан көрінсе деген тілекте.
"Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз. Ал ел сеніміне ие болған азаматтар елімізді дамудың жаңа сатыларына алып шығады деген сенімдеміз. Сол себепті сайлаудың да маңыздылығы зор. Осындай жауапты іске алғашқылардың бірі болып келуді жөн көрдік. Замандастарымызды белсенді болуға шақырамын, - дейді егіздер."


БҚО тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 13:52

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Оралдағы №415 сайлау учаскесіне келген Ару мен Сұлу Байдуллаевалар М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 4 курс студенттері. Физика-информатика мамандығы бойынша білім алып жатқан арулар оқуда да озат. Болашақ ұстаздар сайлау жастардың ертеңгі күнге деген сенімін арттыратынын айтады.

Ешқашан жұбы жазылмаған қос ару сайлауға да бірге келіп өз таңдауларын жасады.

БҚО тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 13:52

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Біз кішкентаймыздан бірге өсіп, бірге дамып, жетістіктерге де бірге қол жеткізіп келеміз. Бүгінде еліміз, болашағымыз үшін маңызды таңдауды бірге жасау мақсатында сайлауға келдік. Біз болашақ ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздармыз. Еліміздің саналы азаматтарын қалыптастыру үшін өзіміз де саналы болуымыз керек. Сайлауға ел ертеңін ойлаған, халқы үшін жаны ашыған болашақ ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін азаматтарымыз міндетті түрде қатысуы керек деп санаймыз, - дейді Ару мен Сұлу."


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: