Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауы: Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды

Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауы: Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 21:00 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарына дауыс беру шарасы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана уақытымен сағат 20:10-дағы жағдай бойынша еліміздің 15 өңірінде, ал дәл қазіргі уақытта қалған Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дауыс беру аяқталды. Осылайша, еліміздің барлық өңіріндегі 10 146 сайлау учаскесі өз жұмысын тоқтатты.

Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санауға кіріседі. 

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанда 19 наурызда сағат 7:00-де басталды. Еліміз бойынша барлығы 10 146 учаске жұмыс істеді.

ҚР ОСК деректері бойынша, 5 мыңға жуық қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: