Қазақстанның 15 өңіріндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 20:08 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның 15 өңіріндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Абай облысында – 475, Ақмола облысында- 717, Алматы облысында – 606, Шығыс Қазақстан облысында – 537, Жамбыл облысында – 493, Жетісу облысында – 447, Қарағанды облысында – 642, Қостанай облысында – 745, Павлодар облысында – 528, Солтүстік Қазақстан облысында – 640, Түркістан облысында – 919, Ұлытау облысында – 136, Астана қаласында – 406, Алматы қаласында - 600, Шымкент қаласында 311 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі.

Енді аталған учаскелерде комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кіріседі.

Қазіргі уақытта 5 өңірде: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жалғасып жатыр.

Бұл өңірлерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де, ал Астана уақытымен сағат 21.00-де аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: