Астанада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Астанада үш көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 20 наурызда сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.
Астананың полиция департаментінің хабарлауынша, жол қиылысында үш көлік - Toyota және Audi автокөліктері, сонымен бірге Iveco автобусы соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Toyota жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
0
Толық оқу