Самара – Шымкент тас жолындағы жол апатынан бес адам қайтыс болды

Шымкент-Самара тас жолы, жол апаты, автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 13:14 Сурет: polisia.kz
3 қазан күні Самара – Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 345-бабының 4-бөлігі ("Автокөлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Апат салдарынан бес адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: