Ақтөбе облысында жол апатынан Ресей азаматы қайтыс болды
Сурет: Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
26 қыркүйекке қараған түні Самара – Шымкент тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Ақтөбе облысының полицейлері Zakon.kz сайтына сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota Camry жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік Аралтоғай ауылының маңындағы шұңқырға аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы Ресей азаматы оқиға орнында көз жұмды, екінші жолаушы (1983 ж.т.) Әйтеке би аудандық орталық аудандық ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript