Қазақстанның оңтүстігінде тағы жер сілкінісі сезілді
Сурет: pixabay
Бұл жолы жер асты дүмпулерін Шымкент, Тараз және Түркістан облысының тұрғындары сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
23 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 02:07-де жер асты дүмпуі болды.
2-3 балдық дүмпуді Шымкент, Тараз, Түркістан облысының тұрғындары сезінді.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1;
- MPV магнитудасы - 6,5;
- Тереңдігі - 25 шақырым;
- МSК-64 шкаласы бойынша Шымкент, Тараз, Түркістан облысында 2-3 балдық тербеліс сезілген.
Еске салайық, бұған дейін, 21 наурызда да Шымкент және Тараз тұрғындары жердің сілкінгенін сезді. Тұрғындардың көпшілігі үйлерін тастап шыққан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript