ӘЧ: қазақстандық боксшылардан финалға бірінші болып Карина Ибрагимова шықты

Қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова Нью-Делидегі бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетіп, әйелдер арасында 2023 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның жартылай финалдағы тайпейлік қарсыласы Линь Юйтин алдыңғы әлем чемпионаттарында 3 медаль алған, оның екеуі алтын.
Алайда бүгін қазақстандық боксшы оны жеңіп, өзі финалға дайындалады.
Ибрагимова мен Линь былтыр Стамбулда өткен әлем біріншілігінің 1/2 финалында жұдырықтасып, тайпей елінің өкілі басым түскен.
Бөлісу
0
Толық оқу