Бокстан әлем чемионатында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті

бокс Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Қазақстандық боксшылар Валентина Хальзова мен Фариза Шолтай Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қола медель жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Валентина Хальзова (75 келі) жартылай финалда Кейтлин Паркермен (Австралия) қолғап түйістірді. Хальзова барын салып жұдырықтасқанымен, қоржынын кезекті қола жүлдемен толықтырды.


Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы (81 келі) боксшысы Фариза Шолтай аса тартысты өткен жекпе-жекте қытайлық Ван Линге есе жіберді.


Еске салайық, бұған дейін Алуа Балқыбекова мен Надежда Рябец Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал қазақстандық боксшылар арасында финалға бірінші болып Карина Ибрагимова шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз