Жаңалықтар тізбегі
0

Димаштың жаңа әні АҚШ радиосында қойылды

Димаштың жаңа әні АҚШ радиосында қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 11:54 Сурет: Zakon.kz
22 наурызда Димаштың жаңа "Together" композициясы музыкалық платформаларда шыққаннан бірнеше сағат өткен соң алғаш рет АҚШ-тың радио эфирінде шырқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл Димаштың америкалық фан-клубының арқасында мүмкін болды. Олар бір апта ішінде бірнеше америкалық радиостанциялармен байланысып, "Together" әнін эфирден тыңдауға үміт еткен.

Осылайша Димаштың жаңа синглы диджей Гвендолиннің (Zaxus) екі сағаттық "Mad Talk" бағдарламасында шырқалды. Композиция әлі бағдарламаға қосылмаған болса да, Гвендолин оны өз бағдарламасының эфиріне енгізді. Шоуы басталғаннан кейін бірден радио жүргізуші қазақстандық орындаушының жаңа әні шыққанын хабарлады.

"Димаш Құдайберген жаңа ән шығарды, мен оны бүгін сіздер үшін қосуды жөн көрдім", - деді радио жүргізуші деп жазды Dimashnews.com сайты. 

Бұл «Mad Talk» бағдарламасының эфирінде Димаштың композициясы бірінші рет шырқалмады. 2020 жылдың 7 маусымында Гвендолин бағдарламасында қазақстандық орындаушының алты әні шырқалды. Содан кейін радио жүргізушісі Димашқа бағдарламасының 45 минутын бөлген еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: