Димаштың әнін АҚШ-тың Channel R радиосы алғаш рет эфирде қойды

Димаштың әні алғаш рет АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 14:22 Сурет: Zakon.kz
Наурыз айында Димаш Құдайбергеннің "Zhalyn" композициясы алғаш рет Сиэтлдегі танымал "Channel R Radio" радиосында шырқалды. Бұл - америкалық радиостанцияның эфирінде қойылған қазақстандық орындаушылардың бесінші композициясы.

Сиэтлдегі R Channel радиостанциясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Радио эфирінде тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың ең сүйікті әндерін қояды. Мұнда поп музыкадан R&B, рок, рэп және электрон музыкаға дейінгі барлық жанрдың ең жақсысын тыңдауға болады. Радио түрлi музыканың жанкүйерлерiнiң қызығушылығын аңықтау үшiн апта сайын тындаушылары арасында дауыс берудi өткiзедi.

Айта кетері, былтыр Channel R наурыз айында Димаш Құдайбергеннің "Fly Away" шығармасын ChannelRSongOfTheWeek апталық дауыс беру чартына енгізген еді. Апта корытындысы бойынша Dears белсенді дауыс беріп, "Fly Away" 1-орынды иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: