Димаштың композициясы Сиэтлдегі радиода 1-орын алды

20 наурызда Сиэтлдің танымал channel R радиосында Димаштың «Fly Away» композициясы «Апта әні» дауыс беру нәтижесі бойынша жетекші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сиэттлдегі (АҚШ) Онлайн-радио Channel R тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың сүйікті әндерін таратады. Онда поп-музыкадан бастап R&B, рок, рэп және электронды музыкаға дейінгі барлық жанрдағы әндерді тыңдауға болады.
Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, өткен аптада Channel R алғаш рет Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» композициясын ChannelRSongOfTheWeek чартында апта сайынғы дауыс беру үшін номинанттар тізіміне енгізді.
Радио тыңдаушылар бір апта бойы әндерге сайт арқылы немесе Channel R қосымшасында дауыс берді.
Апта қорытындысы бойынша Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» әні 1-орынға ие болды.
Жеңімпаз ән Channel R радиосында апта бойы күніне үш рет Тынық мұхиты уақыты бойынша 2:00, 8:00 және 20:00-де шырқалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript