Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылдықтар әз-Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті

Наурыз мейрамын атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 16:50 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбылдықтар әз-Наурыз мерекесін биыл да дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен кең көлемде атап өтті.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жағымды жаңалықтар да толастаған жоқ.

Шымкент қаласында өткен "Great Qasaq Games" республикалық этнофестивалінде Жамбыл облысының тіккен киіз үйі үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.

Шара барысында 17 облыс 17 киіз үй тігіп, ұлттық өнерден көпшілікке шашу шашты.

Наурыз мейрамын атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 16:50

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Этнофестивальге келушілердің, өнер иелерінің ішінде Жамбыл облысының атынан киіз үй тіккен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің өнер туындылары жұртшылықты тәнті етті.

Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы жаңа ипподромның ашылуына орай өткен ұлттық ат спорт ойындарында да жамбылдықтардың мерейі үстем болып, қуаныш сыйлады.

Облысымыздан 20-ға жуық ат қатысқан бәйгеде жерлестеріміз 8 жүлделі орынды жеңіп алды.

Наурыз мейрамын атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 16:50

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атап айтсақ, Аламан бәйгеде жамбылдық жүйріктер 1,3,4,5-орындарды иеленсе, Құнан бәйгеде 2,4,5-орындардан көрінді. Ал, топ бәйгеде облыстан барған тұлпарымыз 3-орынға лайық деп табылды.

Сондай-ақ, көкпардан Жамбыл облысының Әулие Ата және Қырғызстан Республикасы командалары арасында ойын өтті.

Жерлестеріміз (12-2) есебімен жеңіске жетіп, облыс абыройын асқақтата білді. 

Наурыз мейрамын атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 16:50

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, Қазақ күресінен өткен белдесулерде 60 және 75 келі салмақтардағы 1-орын да біздің балуандардың еншісіне тиді.

Осылайша, Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық ат спортынан облысымыздың намысы тағы да лайықты түрде қорғалып, мерейіміз таси түсті.

Наурыз мейрамын атап өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 16:50

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұлттық спортымыздың жалауын желбіретіп жүрген спортшыларымызға алдағы уақытта да сәттілік тілеймін! Жеңісті күндер таусылмасын!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: