Жаңалықтар тізбегі
0

Сәтбаевтықтар қала күні мерекесін биыл кең көлемде атап өтті

Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 12:22 Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі
Кеншілер шаһарының жұрты Қала күні мерекесін биыл кең көлемде атап өтті. Өткен аптаның сенбісінде басталған мерекелік шаралар сейсенбіге дейін жалғасын тауып, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Қаланың тарихы академик Қаныш Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкесі ретінде қаланып, Никольский атанған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, 1990 жылдың 13 қыркүйегінде Қаныш атамыздың есімі берілді. Қойнауы құтқа толған қазыналы мекеннің бастауында мысты өлкенің мерейін асырып, бағын баянды еткен, аты аңызға айналған академиктің өлшеусіз еңбегі жатыр.

Салтанатты шара ғалым рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды. Мұнан соң Сәтбаев қаласы мұражайының ашылу салтанатында сөз алған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали шаһар тұрғындары мен қонақтарын атаулы күнмен құттықтап, қаланы бірге көркейтуге шақырды.

Биыл қала мәртебесін иеленгеніне 49 жыл толған кеншілер тұрағының әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінде қол жеткізген жетістіктері аз емес. Қаланы қалыптастырушы кәсіпорын – «Қазақмыс» корпорациясының тұрақты қызметі және аталған алып компанияның жергілікті әкімдікпен тізе қоса әрекет етуге мүдделі болуы нәтижесінде жағымды жайттар орын алуда. Жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың еңбекпен қамтылу деңгейі артуда. Тиісінше, қала бюджетінің қоржыны салмақты бола түсуде. Мұражайда осы жәйттерді, 70 мың халқы бар қаланың өткені мен бүгінін, жарқын болашағын айғақтайтын жәдігерлер орын алды. 


қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 12:22

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

Қала әкімі Асқар Ыдырысов тұрғындарды қала күні мерекесімен құттықтады.

"Қадірлі жерлестер! Сіздерді шын жүректен бәрімізге ортақ мереке – Сәтбаев қаласының туған күнімен құттықтаймын! Сүйікті қаламызда мерейлі күн кең ауқымда тойлануда. Бұл күн туған қаламыздың іргетасын қалап, оның дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген әр қала тұрғыны үшін ерекше мереке. Кеншілер қаласы аға буын өкілдерінің ерен еңбегімен бой көтеріп, бүгінде сәні мен салтанаты жарасқан әдемі қалалардың біріне айналды. Осы уақыт аралығында тағдырын өзімен біржолата байланыстырғандар үшін атамекен, жылы ұя іспетті. Тағылымы мол қала шежіресіндегі еңбек және мәдени дәстүрлерімізді біз шын мәнінде мақтан тұтамыз". Қала әкімі

Сонымен қатар әкім кезекте тұрған жеті отбасыға пәтер кілтін табыстады.

"Біз бүгін барлық тұрғындарға адал еңбектері мен туған қаламызға деген шынайы сүйіспеншіліктері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Жыл өткен сайын сүйікті қаламыздың келбеті жасарып келеді. Жаңа үйлер бой көтеріп, аулалар мен жолдар абаттандырылуда, шағын және орта бизнес нысандары пайдалануға берілуде. Өскелең ұрпақтың терең білім алуына, салауатты өмір салтын ұстануына, демалуына және өз қарым-қабілеттерін ұштауға толық жағдай жасалуда. Осының барлығы қала тұрғындарының ортақ үлесінің жемісі. Бірлігі жарасқан сәтбаевтықтардың әлі де талай белестерді бағындыратындығына сеніміміз мол. Қуанышты мереке күні сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, әр шаңыраққа қуаныш пен береке тілеймін. Қаламыздың жылнамасы тек жағымды оқиғаларға толы болсын".Сәтбаев қаласының әкімі


қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 12:22

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

Сәтбаев — Ұлытау облысындағы қала. 1973 жылы құрылған. Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең. Халық саны 70000 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі - мыс.

Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді.

2000 жылдан бастап «Жасыл қала», «Таза қала», «Таза му», «Дизайн-2000», «экономиканың нақты секторларын дамыту» сияқты көптеген бағдарламалардың қабылдануы іске жаңаша серпін берген еді.Сол жылдың өзінде минералды су және жеміс сусындарын шығаратын завод, «Серебряная нить» тігін кәсіпорны, «Сарыарқа-нан», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарында сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар орнатылды.. Кеншілер алаңы, Комаров көшелері жаңартылып, асфальт төселген басты көшелер жаңаша кейіпке енді. Қалада ықшам аудандар кеңесі құрылып, әкімдік негізгі шаруаларды солар арқылы қолға алады. Осылай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2000 жылы Сәтбаев үлгілі қала атанды.


қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 12:22

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

2005-2007 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 30,8 мың жаңа үй салынып, 350 отбасы жәйлі пәтермен қамтамасыз етілмек. Қалада кейінгі екі-үш жылдың бедерінде мешіт, шіркеу, №1 орталық аурухана, тіс емдеу орталығы көптеген сәнді дүкендер мен мейрамханалар бой көтерді. Сәтбаев қаласындағы білім ұялары С.Сейфуллин атындағы гимназия мен Абай атындағы мектеп-лицей республикадағы үздік мектептер қатарынан саналады. Барлық мектептер компьютер техникалары мен жабдықталған , 27 оқушыға бір компьютерден келеді.

2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны “Қазақмыс Корпорация” ААҚ-ның жұмыскерлерін есептемегенде 3993 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 32115 теңге.

2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1388,1 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 3943,8 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемінен 106,1%-ын құрады.

Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 81,9 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 109,5%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 2225,8 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 1262,2 млн. теңге. Қалада 2007 жылға 189 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 28 орта, 157 шағын субъектілері.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: