Ақтауда 3 баласын өлтірген күдіктінің суреті пайда болды

Қайғылы оқиға Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтауда кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдіктінің суреті пайда болды, ол қазір қамауда отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 36 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оның 2011, 2014 жылы туған екі қызы мен 2016 жылы туған ұлы өлі күйінде табылған.

"36 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөілігі - екі немесе одан да көп кәмелетке толмағандарды өлтіру" бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Желіде күдіктінің суреті пайда болды.

үш баласын өлтірген күдікті

Сурет: lada.kz

Еске салайық, кеше, Ақтауда полиция кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдікпен олардың әкесін ұстағаны хабарланды. Қаладағы 27-ықшамауданда пәтерден зорлықпен өлтірілген белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз