Таймс-скверде Иманбектің суреті бар экран пайда болды

Таймс-сквердегі экранда Иманбектің суреті пайда болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 10:45 Cурет: Instagram/imanbekmusic
Нью-Йорктегі Манхэттеннің орталық бөлігіндегі алаңда музыкант Иманбек Зейкеновтің суреті бейнеленген экран пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан диджейі 5 наурызда Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Мені Таймс-скверге шығарғандарыңыз үшін рақмет", - деп жазды ол.

Постер Грэмми сыйлығының иегері және американдық әнші Тревор Дэниелдің In The Morning деп аталатын жаңа трегіне арналған.

Жанкүйерлер Иманбектің кезекті қуанышына ортақтасып, тілегін жазып жатыр:

  • "Жақсы адам дер кезінде танылады" дегенге жақсы мысал!
  • Ол осыдан бес жыл бұрын Ақсудағы үйінде отырып, Нью-Йоркте өзінің суретімен билборд ілінетінін елестете де алмады!
  • Күшті, әдемі! Біздің мақтанышымыз!
  • Сіз үшін өте қуаныштымын! Тек алға!
  • Жеңіс пен сәттілік тілейміз.
  • Америка адамдарды осылай бағалайды. Талант! Ешқандай таныс-тамырсыз осындай жетістікке жетуге болады. Біздің Иманбекті мақтан етеміз! 

Иманбек – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі жалғыз Грэмми сыйлығының иегері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: