Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушының муралы пайда болды
Сурет: Алматы Төтенше жағдайлар департаменті
Алматыдағы Шаляпин мен Саин көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің қасбетінде қабырға суреті пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қабырғада ат үстіндегі қазақ батырының от элементімен күресіп жатқаны бейнеленген. Бұл батылдық пен ержүректіліктің белгісі.
Қабырғада азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күн сайын өз өмірін қатерге тіккен өрт сөндіруші-құтқарушылардың ерен еңбегі бейнеленген.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабырға суретін жасау идеясының мақсаты - тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аудару, қоғамда өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін жақсарту.
8 айда алматылық құтқарушылар 1,8 мың өртті сөндірді, төтенше жағдайлардан 327 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар өрт кезінде және қаланың су айдындарынан 144 адам құтқарылды. Оның 17-сі - балалар.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
6 қыркүйекте қалада бірнеше өрт шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript