Қостанай облысында қызыл судың шайып кетуіне байланысты тас жол жабылды

Төтенше жағдай Сурет: Zakon.kz
Торғай – Шилі – Аралкөл тас жолының 108 шақырымындағы жол учаскесін қызыл су шайып кетті. Сол себепті жол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жабылған жол бойына қойылған бекетте полиция қызметкерлері, бір құтқарушы және бір арнайы техника көмек үшін дайын тұр.

Шайылған жолға ең жақын елдімекен 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Сол арадан жылыну орны ұйымдастырылды. 

ТЖД елдімекендерді су басу қаупі, сол секілді шайылған жол маңында көлік кептелісінің де жоқ екенін нақтылайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз