Қарағандылық құтқарушылар су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексерді

Төтенше жағдай Сурет: Қарағанды қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Қарағанды қаласының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне көктен барлау жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов пен Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Шакенов қаланың іргелес аумағын көктен шолып өтті.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың Михайловка бөлігі, Федоров су қоймасы, саяжай қоғамдары, Соқыр өзендерінің арналары, Көкпекті, Солонка, Оңтүстік-Шығыс секторы, Күнгей ауданы, Тәттімбет - Мұқанов көшесінің іргелес дала белдеуі және Рабочий кенті зерделенді.

"Ұшу барысында қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде канал салу бойынша жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ ұзындығы 7,2 шақырым Рабочий кентінде Солонка өзенін санациялау және қорғаныс білігін салу бойынша жұмыстар қаралды. Өзендер қысқы режимде, қар жамылғысы шамамен 50% құрайды", делінген хабарламада.


Төтенше жағдай

Сурет: Қарағанды қалалық ТЖД баспасөз қызметі


Алдында Қостанай облысында жолды қызыл су шайып кеткені хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз