Жетісу Алатауында қар барысы мен арқарлар видеоға түсіп қалды

қар барысы Сурет: astanatv
Жетісу тауларында қар барысы видеоға түсіп қалды. Бұл туралы "Табиғат" аңшылар қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Наурыз айының соңында "Табиғат" қауымдастығы зоолог ғалымдармен, аңшылармен және аңшылық шаруашылық мүшелерімен бірлесіп Жетісу Алатауында жануарларға мониторинг жүргізген.

"Мұнда аңшылық шаруашылықтарының аумағында "Тұрақты туризмді дамыту" жобасы аясында қар барысы мен басқа да сүтқоректілердің санын есепке алу жұмысы жалғасып жатыр. Нәтиже өте жақсы, ондаған камера сирек кездесетін жыртқыштарды тіркеді. Бүкіл деректер мамандарға беріледі"."Табиғат" қауымдастығы

Видеотұзақтан ақпарат алудан бөлек, жануарларды визуалды есепке алу да ұмыт қалмайды.

Бұл процесс барысында сирек кездесетін аңдар, атап айтқанда Қызыл кітапқа енген арқарлар мен аюлар түсіріп алынған.

Аталған жоба CEPF және WWF атты халықаралық экология қорларының қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз