Шарын шатқалында "Қызыл кітапқа" енген жабайы мысық видеоға түсіп қалды

"Қызыл кітапқа" енген жабайы мысық Шарын шатқалындағы видеоқақпанға түсіп қалды Сурет: Instagram/charyn___official
Шарын шатқалы ұлттық саябағының камерасы сирек кездесетін үлпілдек жабайы мысықты (манул) түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетері, жалпы жабайы мысық оның жасырын өмір салты мен популяциясының төмендігіне байланысты нашар зерттелген.

Сыртқы түрі мен өлшемі бойынша манул үй мысығына ұқсайды. Бірақ жабайы мысық қысқашалау әрі томпақ денесі мен табаны, ұзын қалың жүні арқылы ерекшеленеді.


Манул қолға үйретілмейді. Бұл жануар үшін үй жағдайы қолайсыз. Жабайы мысық барлық жерде сирек кездеседі. Оның саны азайып барады, кей жерлерде жойылу алдында тұр.

Моңғолиядан басқа, ол тұратын елдердің барлығында дерлік манулды аулауға тыйым салынған. Дегенмен Қытайда әлі күнге дейін арнайы лицензиямен бұл жануарды аулауға болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз