Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та 28 жасар әйел алты адамды атып тастады

АҚШта адамдарды атып тастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 14:23 Сурет: pixabay
АҚШ-та тағы да нақақ қан төгілді. Қылмыскер Теннесси штатында мектепте оқ жаудырып, 7 адам қаза тапты.

Бейбіт күнде бейкүнә жандар мерт болып жатыр деген Президент Джо Байден Конгрессті қару саудасына қарсы батыл қадам жасауға шақырды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қайғылы оқиға Нэшвилл қаласындағы христиан діни мектебінде болды. Жаппай оқ ату салдарынан оқу орнының үш оқушысы мен үш қызметкері көз жұмды. Ал, қылмыскер 28 жастар әйел болып шықты. Екі жартылай автомат және тапаншамен қаруланған күдікті таңертең мектепке келіп оқ жаудырған. Шұғыл жеткен полициямен де атысып, соңында өзі оққа ұшты. Қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

"Мендегі қазіргі ақпарат бойынша күдікті қайбір жылдары осы мектептің оқушысы болған. Қазір нақты қай жылы екенін айта алмаймын." Джон Дрейк, полиция басқармасының басшысы

АҚШ президенті бірнеше жылдан бері жартылай автоматты қарулардың саудасын шектеуді ұсынып жүр. Былтыр отыз жылда алғаш рет талаптар ішінара қатаңдатылған да. Алайда мұның өзі жеткіліксіз болып тұр.

"Білесіз бе, күдіктінің қолында екі АК-47 мен тапанша болған. Сондықтан мен Конгрессті шабуыл қаруына тыйым салатын заңды қабылдауға тағы да шақырамын. Нақты іске кірісетін уақыт жетті. Бұл біздің қоғамды шытынатып, ұлттың ішкі жан-дүниесін жаралап жатыр." Джо Байден, АҚШ президенті

Ресми статистика бойынша АҚШта жыл басынан бері 130 рет халыққа жаппай оқ ату қылмысы тіркелген. Бірақ, әйел затының мұндай қатыгездікке баруы сирек дейді мамандар. Алпыс жыл ішінде тек төрт әйел жаппай оқ атқаны үшін жаза тартылған. Десе де, Теннесидегі қырғын соңғы үш айдың ішіндегі ең көп адам өлген екінші қанды оқиға болып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: