Жаңалықтар тізбегі
0

Сот жүйесінің кадр мәселелері: жақын арада қандай өзгерістер күшіне енеді

Сот процесы жүріп жатыр, өзгерістер еңгізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 18:05 Сурет: Zakon.kz
Қабылданған түзетулер Жоғары Сот Кеңесінің анық кадрлық функциялары бар толыққанды институт ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Қабылданған түзетулер Жоғары Сот Кеңесінің анық кадрлық функциялары бар толыққанды институт ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған. Осы заңнамалық шаралар Кеңес соңғы жылдары осы бағытта іске асырып жатқан іс-шаралардың жалғасы болып табылады.

Заңнамалық түзетулермен Жоғары Сот Кеңесіне судьялыққа кандидаттарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру, шекті жасты ұзарту, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату бірқатар мәселелері берілді.

  1. Атап айтқанда, 2024 жылғы 15 шілдеден бастап кеңеске судьяларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелерімен айналысатын сот төрелігі Академиясы берілетін болады.
  2. Сондай ақ судьяларға мәселелер бойынша Жоғары Сот Кеңесіне тікелей жүгіну құқығы берілді:

- зейнеткерлік жасқа немесе шекті жасқа толғаннан кейін судья лауазымында болу мерзімін ұзарту;

  • судьяның өкілеттігін тоқтату;
  • сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайған, сондай-ақ сот төрағаларының өкілеттік мерзімі өткен жағдайларда жол берілетін судьяларды конкурстан тыс тағайындауға.

Егер бұрын Кеңес Жоғарғы Соттың ұсынуы бойынша жоғарыда аталған мәселелерді қараған болса, енді қабылданған түзетулерге сәйкес судьялар өтінішпен тікелей Кеңеске жүгінуге құқылы.

3. Бұдан басқа, Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының құзыретіне қолданыстағы судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру мәселелері берілді.

Жоғарыда аталған рәсімдер судьялардың тәуелсіздігінің кепілдіктерін күшейтуге бағытталады.

Жаңа кадрларды тарту

Сот жүйесіне білікті және кәсіби кадрларды тарту мақсатында кандидаттардың Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өту құқығы бекітілді.

Бұған дейін біліктілік емтиханын сәтті тапсырған кандидаттар соттарда тағылымдамадан өткен, ал тағылымдамадан кейін кандидаттар судьялық лауазымдарға конкурстық іріктеуге қатысуға жіберілген. Бұл ретте тағылымдама негізгі жұмыс орнынан қол үзіп жүзеге асырылатын, ал бұл кандидат судья болып тағайындау туралы ұсыныс алуға ешқандай кепілдік болмай, жұмыссыз қалу қаупін тудырғандықтан, олардың тағылымдамадан өтуден бас тартуының себептерінің бірі болды. Енді үміткерлерге Кеңестің тиісті ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өту құқығы беріледі.

Бұл кандидаттарға ыңғайлы жағдай жасау үшін және олардың конкурстық іріктеу кезеңдерінен неғұрлым жедел өтуі, сондай-ақ сот жүйесіне жаңа жоғары білікті кадрларды тарту үшін жасалды.

Бұдан басқа, судьялыққа кандидат тағылымдама қорытындылары бойынша соттың жалпы отырысының теріс қорытындысын алған жағдайда Кеңестің ұсынымдарын қайта қарау тәртібі айқындалған.

Тағы бір жаңалық судьялыққа кандидаттар үшін соттың жалпы отырысының қорытындысын алу қажеттігін алып тастау болып табылады, мұндай талап жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья болып жұмыс істеген адамдар үшін ғана сақталады, бұл ретте қорытындыны жұмыс орны бойынша облыстық соттан ғана алу қажет болады.

Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесі Мемлекет басшысына Сенатқа балама негізде енгізу үшін ұсынатын болады. Осылайша, Сенатқа кемінде екі кандидаттың ішінен ең лайықтысын таңдау мүмкіндігі беріледі. Бұл Жоғарғы Сот судьяларын іріктеудің объективтілігін және Сенат деңгейінде ең лайықты кандидаттарды сайлауды арттырады.

Сонымен қатар, аудандық соттардың төрағалары лауазымдарына сайлау элементтерін енгізу тетігі айқындалды. Бұл тетік аудандық соттың төрағасы лауазымына кандидаттарды кадр резервінде тұрған адамдар қатарынан да, өз кандидатурасын дербес ұсынған адамдар қатарынан да қарауды көздейді. Мұндай тәсілмен судьялық лауазымдарға кадр резервінің әлеуеті кеңірек пайдаланылатын болады.

Бұған дейін аудандық соттың төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылған, бұл ретте кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық берілген. Кадр резервінің басымдығы сақталғанын атап өтеміз, бірақ егер өзін-өзі ұсынушылардың арасынан неғұрлым лайықты кандидатура ұсынылса, онда таңдау осындай кандидатураның пайдасына жасалуы мүмкін

Судьяларға қысым жасау тұтқалары қысқартылады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және судьялардың тәуелсіздігін нығайту мақсатында күштік органдары өкілдері тарапынан қатардағы судьяларға қысымды төмендету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданды.

Осы мақсатта барлық судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын Бас Прокурордың санкциясымен ғана жүргізу туралы норма бекітілді. Өзгерістер енгізілгенге дейін жедел-іздестіру іс-шараларын облыс прокурорының санкциясымен жүргізуге болатын.

Сонымен қатар, заңдарда судьяларды қызметтен босату мәселелерін ашық және жария қарауға бағытталған құқықтық негіз бекітілді. Осылайша, судьялар корпусының беделінің мінсіздігі қағидаты іске асырылатын болады.

Бюрократиядан арылту принципін жүзеге асыру

Түзетулер артық егжей-тегжейлі нормаларды алып тастап, оларды Кеңестің регламентінің деңгейіне ауыстырды. Мұндай нормаларға Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясын қалыптастыру тәртібі, комиссия отырыстарын өткізу тәртібі, конкурсты өткізу кестесін бекіту тәртібі, сондай-ақ оған енгізілетін мәліметтер жатады.

Қабылданған түзетулер Кеңестің рөлін және судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға бағытталған және Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әзірленген.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: