Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасыy қабылдады

Жоғары сот кеңесінің төрағасы, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 14:33 Сурет: akorda.kz
30 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке Жоғары сот кеңесінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының жай-күйі және оның тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы мәлімет берілді, деп жазды ҚР президентінің ресми сайты.

Жоғары сот кеңесі төрағасының айтуынша, судьялар корпусының құрамын қайта жаңарту мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде былтыр судьялық қызметке ұсынылған адамдардың саны сот жүйесінен кеткен судьялардың санынан асып түскен.

Мемлекет басшысының сот жүйесіне нақты сала мамандарын тарту жөнінде берген тапсырмасын орындау үшін алғаш рет жекелеген құқық салаларындағы заңгерлер арасында конкурс өткізілді. Конкурс жеңімпаздары аудандық деңгейді айналып өтіп, бірден облыстық соттың судьялары бола алады.

Бұдан бөлек Президентке Кеңесті институционалды тұрғыда нығайтуға және оның құзыретіне соттардың кадрлық мәселелерін беруге, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігі институтын жетілдіруге бағытталған жоспар туралы баяндалды. Сонымен қатар судьяларды іріктеу ісін жетілдіру және оның ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма беріп, сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: