Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

24 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 16:19 Сурет: akorda.kz
24 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.

Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.

Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: