Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Әуесбаев Смайыловтың премьер-министр лауазымына ұсынылуына неге қарсы шыққанын түсіндірді

Нұрлан Әуесбаев мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 12:10 Сурет: ЖСДП баспасөз қызметі
ЖСДП Әлихан Смайыловтың премьер-министрлікке кандидатурасын қолдамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы отырыста сөз алған ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдамайтынын айтты.

"Біз парламенттік оппозиция ретінде бұған қарсымыз." Нұрлан Әуесбаев

ЖСДП фракциясы мұшесінің сөзінше бұған дейін бұл үкіметке президент қаншама тырысып, көптеген жақсы реформа жасап жатқанымен, олар мәселелерді шеше алмады.

"Елдегі жағдай қандай қиын екенін өздеріңіз көріп тұрсыздар ғой. Қымбатшылық. Баға күн сайын шарықтап бара жатыр. Одан халық қиналады. Біз сайлау алды кездесулерде, халықпен бірге болған кезде әрдайым олар айтқан ұсыныстардың бәрі біздің есімізде. Сондықтан біз "Жаңа Қазақстан" құрамыз деп жүрген кезде оны билікке міндетті түрде жеткізуіміз керек. " Нұрлан Әуесбаев

Сонымен қатар, Әуесбаевқа бұл лауазымда нақты кімді көресіз деген сұрақ қойылды

"Кімді көретінімді айта алмаймын. Бірақ үкіметтің істеген жұмыстарын көріп, көңіліміз толмайды. Мен соны ашық айттым. Қазақстанда 20 миллион халық бар, соның ішінен табылады. " ЖСДП фракциясының мүшесі

Нұрлан Әуесбаев өз сөзінде үкімет жіберген қателіктерге де тоқталды.


"Үкіметтің қатесі жетеді. Негізі - әлеуметтік саясат. Халықпен тығыз байланыс орнатып, шын мәнінде біздің мемлекетте ең бірінші халықтың жағдайы жақсы болуы керек. Біздегі ең басты мәселе - халық, адамның жағдайы. Ал біз білмейміз кімге жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Оны көпшілік дауыспен қолдады.Өзім бұл үкіметтің жұмысына риза емеспін. Ол өзінің іскерлігін көрсете алмады."Нұрлан Әуесбаев


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: