Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегі зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жайлы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2023 21:16 Сурет: unsplash
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы оны 30-50%-ға арттыру мүмкін екендігі туралы ақпаратқа қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы оны 30-50%-ға арттыру туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Әрі бұл ақпаратта интернет-алаяқтық белгілері барын нақтылайды.

Айта кетсек таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.

"Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге өтпеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз. Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз", делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ құзырлы ведомство жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын еске салады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: