Квитова Рыбакинаға биылғы маусымдағы қалған турнирлерде сәттілік тіледі
Сурет: instagram.com/miamiopen
Майамидегі турнирдің финалында жеңіске жеткен чехиялық теннисші Петра Квитова Елена Рыбакинаны кейінгі бір жылда жеткен жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта сәттілік тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еленаны тек екі аптадағы емес, жалпы былтырғы керемет жетістіктерімен құттықтаймын. Осы маусымдағы қалған турнирлерде сәттілік тілеймін".Петра Квитова
Спортшы барлығына шын жүректен алғыс айтты.
"Мен трибунадан чех жанкүйерлерін көріп тұрмын - көп рақмет! Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды. Бұл стадионда, орталық алаңда жеңіске жету - керемет сезім. Барлық волонтерлерге, бүкіл ұйымдастыру комитетіне, бәріне-бәріне-бәріне рақмет! Әрине, мен өз командама алғыс айтқым келеді. Мен бұл екі аптаны оларсыз өткізе алмас едім. Маған позитив болып қалуға көмектескеніңіз үшін және, айта аласыз, мені қайтарып алғаныңыз үшін рахмет!"Петра Квитова
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында әлемнің 12-ракеткасы Петра Квитовадан 6:7(14), 2:6 есебімен жеңілгенін хабарлаған едік.
Жеңілгеніне қарамастан, Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалы үшін 650 рейтингтік ұпай мен 662 360 доллар сыйақы алады.
Ал Miami Open-2023 чемпионы Петра Квитова 1 000 рейтингтік ұпай мен 1 262 220 доллар жүлде алады.
Еске салайық, 14-15 сәуірде Елена Рыбакина Астанада қазақстандық команда сапында Билли Жан Кинг кубогында Польша құрамасына қарсы ойнайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript