Елена Рыбакинаның Майами финалындағы қарсыласы және шешуші матчтың уақыты белгілі болды

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 09:22 Сурет: Instagram/drs_kz
Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында чехиялық Петра Квитова мен дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстя шеберлік байқасты. Енді турнирдің басты жүлдесін әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакинамен бірге сарапқа салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина мен Петра Квитова бұған дейін екі рет кездескен болатын, есеп – 1:1. Өткен жылы Острава (Чехия) додасында қазақстандық теннисші 7:6 (7:3), 6:4 есебімен басым түссе, биыл Аделаида 2 (Аустралия) турнирінде Квитова қарымта қайырды – 6:3, 7:5.


Сурет: Instagram/wta


Финалдық матч бүгін, 2 сәуірге қараған түні өтеді.

Матчтың басталуы уақыты -  Астана уақытымен сағат 01: 00-де. Бәске бірнеше олжа тігілген. Miami Open-2023 кубогының иегері чемпион атағымен қоса 1000 рейтингтік ұпай мен 1 262 220 доллар ақшалай сыйлық алады. Ал Елена Рыбакина жеңетін болса, ол рейтингте тағы бір сатыға жоғарылауға мүмкіндік алмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: