Жаңалықтар тізбегі
0

Америкалық теннисші Рыбакинаны WTA-ның жаңа маусымындағы фавориттерінің біріне жатқызды

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 19:21 Сурет: ktf.kz
Әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегула (АҚШ) Елена Рыбакинаға қарсы ойыны алдында, WTA 1000 Майами турнирінің жартылай финалына бір күн қалғанда өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, америкалық Еленамен жекелей екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске жеткен: 2:0. Рыбакинаның бұл жеңілістері - өткен жылғы көрсеткіш.


"Ленамен өтетін алдағы матчқа әдеттегідей қараймын. Мен өткен жеңістерім мен қазіргі жағдайда, әрине айырмашылық бар. Ол ысыла түскен, сондықтан мені алда қиын сынақ күтіп тұр. Оның үстіне 1/4 финалда Потаповамен арамда өткен ойын оңай болмады. Ертеңгі физикалық қал-күйім қандай болады? Қалпыма келім үлгеремін деп үміттенемін, алда тағы бір күн бар ғой. Тек кортқа шығып, жақсы ойын көрсетуім керек. Лена тамаша ойындар көрсетіп жүр. Рыбакина мен Соболенко қазір барлық турнирлердің фавориті, сондықтан алда таптырмас сынақ күтіп тұр, WTA 1000 жартылай финалында нағыз шеберлер өнер көрсететін қызықты ойын болады деп ойлаймын".Джессика Пегула

Рыбакина мен Пегуланың матчы 31 наурызда Майамидің орталық кортында өтеді, жекпе-жек Астана уақыты бойынша 06:30-ға жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: