Жаңалықтар тізбегі
0

ТОП-5: Қазақстан азаматтары көбіне қандай спорт үйірмелеріне барады

ТОП-5: Қазақстан азаматтары көбіне қандай спорт үйірмелеріне барады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 09:57 Сурет: pexels
Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы қатысушысы көп спорт үйірмелері туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздегі адам көп баратын ТОП-5 спорт үйірмесі: 

1-орында Қазақстандағы ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол. 1 млн 63 мыңға жуық қазақстандық футбол ойнайды. Олардың қатарында аталған спортпен кәсіби түрде айналысатын қыз-жігіттер де бар.

Болашақ футбол әлемінің жұлдыздарын жаттықтырып, тәрбиелеп шығару үшін елімізде 17 мыңға жуық үйірме жұмыс істейді.

2-орында волейбол. Мектеп жасынан көбіміздің сүйікті ойынымызға айналған волейболмен біздің елде 766 мың адам айналысады. Қазақстанның барлық өңірінде жасөспірімдер мен ересектерге арналған 16 мыңға жуық үйірме жұмыс істейді.

3-орын – баскетбол. Қазақстанда командалық спорт түрлеріне қызығушылық өте жоғары. Мәселен, елімізде 562 мыңға жуық адам баскетболмен айналысады. Баскетболдың қыр-сырын үйрететін 11 738 үйірме бар.

4-орында жеңіл атлетика. Тарихы ерте заманнан бастау алатын жеңіл атлетика әлі күнге дейін танымалдыққа ие спорт түрі саналады. Елімізде 7380 үйірме бар және 384 мыңға жуық адам жеңіл атлетикамен шұғылданады.

5-орын - үстел теннисі. Үстел тенисі - жас ерекшелігі мен физикалық дайындығына қарамастан жалпыға бірдей қолжетімді спорт түрі. Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық үстел тенисінің үйірмесі жұмыс істейді. 242 мыңнан астам адам аталған спорт түрімен айналысады.

Спорт жанкүйерлерінің қызығушылығы өте жоғары бокс үйірмелеріне 126 мыңға жуық адам қатысады. Ал дзюдомен 133 мыңға жуық спортшы айналысса, 116 мыңға жуық адам еркін күреспен шұғылданады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: