Қостанай облысында өзен арнасынан асып кетті

Су тасқыны болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 09:19 Сурет: pixabay
Қостанай облысында қардың қатты еруі мен еріген судың келуі салдарынан Тюнтюгур өзені арнасынан асып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері мен құралдары Железнодорожное ауылындағы ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйге кірген еріген  қар суы салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.

"Жедел жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелерінен 15 бірлік техника және 30 адам жұмылдырылды." Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Жағдай тұрақты, өзенде судың көтерілуі байқалмайды, тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: