Жаңалықтар тізбегі
0

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 16:33 Сурет: Мәдениет және спорт министрлігі
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ палуаны. Бүгін оның дүниеге келгеніне 152 жыл толып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды.

"1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген палуан бабамыз әлемнің 54 мемлекетінде өнер көрсетіп, 48 медаль жеңіп алған. Ол - әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ. Қиындықтар мен кедергілерге қарамастан дүниежүзін мойындатып, әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырған Қажымұқан Мұңайтпасұлының өнегелі өмірі - жастарға үлгі. Бүгінде бозкілемде белдесіп жүрген спортшыларымыз даңқты бабамыздың жеңісті жолын жалғап, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүр", - делінген министр жазбасында.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген палуан.

Ол - орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған.

1910 жылы Қажымұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тіреді. Ол Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте Америка чемпионы атанды.

1911 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлы Ыстамбұлға барды. Намысқой Қажымұқан түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буған.

1937 жылы Қажымұқанның ізіне ІІХҚ қызметкерлері түсіп: «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Қажымұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда бас сауғалайды. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өтеді.

Палуанның құрметіне жыл сайын елімізде халықаралық деңгейдегі жарыстар өтеді. Батырдың есімі бірнеше қалада көшелер мен спорт нысандарына берілген. Ал Түркістан облысында Қажымұқан Мұңайтпасұлының музейі бар.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: