Біртуар балет әртісі Алмас Бекбосыновтың туғанына – 100 жыл
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бүгін біртуар балет әртісі Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл толып отыр. Ол қазақ балетінің тұңғыш әртістерінің қатарында болды.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Алмас Бекбосынов Иван Надировтың "Көктем" ұлттық балетінде Айдар рөлін сомдады. Талантты әртіс "Қыз Жібек", "Жалбыр", "Абай", "Біржан мен Сара" операларында да би нөмірлерін орындады. Балет ұжымымен бірге АҚШ-қа гастрольдік сапармен барды.
Алмас Бекбосынов еліміздегі балет өнерінің дамуына орасан зор үлес қосты. Сол үшін "Знак Почета" орденімен марапатталды. Оның еңбек жолы мен жетістіктері жас әртістерді шығармашылық өсуге әлі де шабыттандырып келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript