Бүгін Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды
Сурет; бейнероликтен кадр
Бүгін күміс көмей әнші, қазақтың бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, Ұлыбританияда өтетін жыл сайынғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын иеленген Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды Zakon.kz
Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған.
Оның орындауындағы «Кестелі орамал», «Ах, Самара, городок» әндері ел арасында ерекше танымал болды.Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторлардың шығармалары, әлем халықтарының – орыс, өзбек, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, қырғыз, корей, поляк, венгер, қытай, моңғол, үнді халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапты.
Роза Бағланова әлемге қазақтың әнін ғана емес, болмысын да танытты.
Айтулы датаға орай Роза Бағланованың сұхбаттарынан үзінді беруді жөн көрдік.
Мен қайда жүрсем де, қазақтың әнін ғана емес, қазақ қыздары киген ұлттық киімі мен салт-дәстүрін де өзіммен бірге өмір бойы серік еттім.
Америка сахнасында 1957 жылы ән айттым. Кеңестер елінен келген әншiлердiң құрметiне дастархан жайылды. Мен қонақасы кешіне қазақтың ұлттық киімін киіп кіріп барғанымда мені көре салып, 100 шақты музыкант «Ах, Самара, городокты» құйқылжыта тарта жөнелді. Оркестрге қосылып, әндi орысша, ағылшынша, французша орындап шықтым. Американың зиялы қауымы айрықша ілтипат көрсетті.
Сұлулық деген не? Қай жағынан алсаң да, қарасаң көз тоймаса, ол адам ба, зат па? Сол әдемі. Туа біткен сұлулық бар, оны қолдан жасайтындар бар. ...Біреулер дене бітімі мен бет-әлпетінің ажарын ғана сұлулық деп ойлайды. Әйелдің жан дүниесі мен сыртқы келбеті үйлессе, екеуі де сұлу болса, ол – жаратушы сыйы. Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Сондай әдепті, білімді, кішіпейіл, қайырымды, оған қоса таланты болса, сұлулығы айқындалып, даралана түседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript