Жаңалықтар тізбегі
0

7 сәуір – дүниежүзінде денсаулық күні

медицина, денсаулық, дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 11:54 Коллаж: Zakon.kz
Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық күні. Оның басты мақсаты қоғамның назарын денсаулық проблемасына аудару, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күні «Біздің планетамыз, біздің денсаулығымыз» атты жаһандық идеологияға арналған. Пандемия, планетарлық экологиялық дағдарыс, қатерлі ісік, астма және жүрек аурулары сияқты аурулардың әсерінен ДДҰ әлемдік қоғамдастықтың назарын адам денсаулығы мен планетаны қорғауға, адамның әл-ауқатына бағытталған қоғам құру қозғалысын күшейтуге бағыттайды. Бұл күні бүкіл әлемде денсаулықты насихаттайтын, ағартушылық түрлі іс-шаралар өтеді: семинарлар, дәрістер, вебинарлар, конференциялар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ДДҰ қазіргі әлемде адамдардың денсаулығына көптеген түрлі факторлар әсер ететінін айтып жүр. Бұл қоршаған ортаның ластануы және тамақ сапасына байланысты аурулардың таралуы, алкоголь мен темекінің адам денсаулығына әсерін Дүниежүзілік індеттің салдарымен салыстыруға болады.

Климат дағдарысы адам денсаулығына ең үлкен қауіптердің бірі болып тұр. Ластаушы заттар мен пластиктар мұхиттардың тереңдігіне, сонымен қатар тамақ өндіру жүйесіне енеді. Парниктік газдардың атмосфераға шығарылуы бүкіл әлемде семіздікке, онкологиялық және жүрек-тамыр аурулары санының өсуіне әкеледі.

ДДҰ-ның есебі бойынша әлемде 2 миллиард адамның қауіпсіз ауыз суға қол жетімділігі жоқ. Сондықтан су көздерін қорғау, ағынды сулардың, қалдықтар мен химиялық заттардың көлдерге, өзендер мен жерасты суларына түсуіне жол бермеу маңызды. Әлемде 3,6 миллиард адамның қауіпсіз дәретханаларды пайдалану мүмкіндігі жоқ. Жыл сайын судың ластануы мен санитарияның болмауынан туындаған диарея ауруларынан 829 000 адам қайтыс болады.

ДДҰ денсаулықты сақтау үшін мынадай шараларды ұсынады:

  • Белсенді өмір салтын жүргізу. Отырып жұмыс істейтін адамдарда аптасына кемінде 150 минут орташа немесе 75 минут қарқынды физикалық қозғалыс болуы керек.

  • Дұрыс тамақтану. Күнде көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар, ет, оның майсыз сорттары, жаңғақтар, кептірілген жемістерді кем дегенде 400 грамм жеу қажет.

  • Тұз, қант, майларды шектеу керек. Өнімдерді аспаздық өңдеу әдісі ретінде бумен пісіруді, бұқтыруды, пісіруді таңдаған дұрыс. Тұзды қабылдауды күніне 5 граммға дейін шектеу өте маңызды.

  • Психоэмоционалды шамадан тыс жүктемелерден сақтану және стресстік жағдайлардан аулақ болған жөн.

  • Еңбек пен тынығудың тепе–теңдігін сақтап, денені толық қалпына келтіру үшін ұйқыға кем дегенде 7-8 сағат бөлу қажет.

  • Жағымсыз әдеттерден, ең әуелі темекі шегуден және шамадан тыс алкогольді пайдаланудан бас тарту қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: