Жаңалықтар тізбегі
0

"Расында адам сенгісіз оқиға" – ауылда мал бағып, кейін "жұлдызға" айналған Күлбайдың хикаясы

кино, фильм, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2023 13:30 Сурет: pixabay
Жуырда "Расында адам сенгісіз оқиға" романтикалық комедиясы еліміздегі барлық кинотеатрда көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Толықметражды романтикалық комедияны Karajigit production компаниясы түсірген. Продюсері -  Сұлтана Қаражігітова, ал режиссері - Қуаныш Жылжақсынов, операторы - Жанболат Еділбаев. Туындының сценариін жазған Нұрлан Қаражігітов және Сұлтана Қаражігітова. 

Фильмнің желісі бойынша, танымал продюсерлер жас таланттарды іздеп, шалғай аймақтарға аттанады. Олар осы кезде өткен ғасырдың 60-шы жылдарында қалып қойған ауылға тап болады. Сөйтіп ауылдан мал бағып жүрген Күлбай есімді талантты жолықтырады. Продюсерлар жас жігітті қалаға апарып, одан "жұлдыз" жасауға бекінеді. Әрі қарай шытырман оқиғалар мен жанжалдар болады.

Айта кетейік, 2019 жылы жазда дүниеден озған Нұрлан Қаражігітов фильмнің сценариін жазғанымен, оның түсірілімін қатыса алмады. Тіпті басты рөлдердің бірін өзі сомдауы керек еді. Алайда Сұлтана Қаражігітова марқұм күйеуінің идеясын әрі қарай жүзеге асыруды жөн деп тауып, Нұрланның рөлін оның досы, бір партада 7 жыл бойы бірге отырған сыныптасы, танымал артист Кай Метовке ұсынды. 

"Фильмді түсіру оңайға соқпады, өйткені әлемдегі эпидахуал кедергі келтірді. Түсірілімге рұқсат алуда да қиындықтар болды, бірақ біз бәрін еңсердік!"      Продюсер Сұлтана Қаражігітова

"Расында адам сенгісіз оқиға" романтикалық фильмі 11 сәуірден бастап кинотеатрларда көрсетіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: