Жаңалықтар тізбегі
0

Енді сенімхаттың барлық түрін онлайн форматта eGov Mobile арқылы рәсімдеуге болады

Енді сенімхаттың барлық түрін онлайн форматта eGov Mobile арқылы рәсімдеуге болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 17:45 Сурет: primeminister.kz
Енді қазақстандықтар сенімхаттың барлық түрін электрон түрде рәсімдей алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 сәуірде Әділет министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, азаматтарға нотариаттық қызметтер алуды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін «Цифрлық нотариат» жаңа жобасын таныстырды.  Қазақстан нотариаттық қызметтің осы түрін цифрлық форматқа ауыстырған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Бүгінде онлайн режимде тек Франция мен Литвада ғана сенімхатты нотариалды куәландыруға болады.

Бұрын сенімхатты рәсімдеу кезінде құжатқа қол қою және нотариустың куәландыруы үшін клиенттің келуі талап етілген. Енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болып отыр. Ал болашақта бұл қызмет бірқатар банк қосымшасында пайда болмақ. «Цифрлық сенімхат» онлайн режимде клиент пен нотариустың бейнебайланысы арқылы рәсімделеді. Бұл қызметті өтініш берілген сәтте бос кез келген нотариус көрсете алады. 

Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органда немесе талап етілген ұйымдарда қағаз құжат сияқты ұсынуға болады. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында eGov Mobile қосымшасына кіру кезінде де, өтінімге қол қою кезінде де пайдаланушының биометриялық деректерін қолдана отырып, ЭЦҚ пайдаланылады.

Цифрлық сенімхатты алу үшін:

  • eGov Mobile қосымшасына кіру;
  • өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ арқылы қол қою; 
  • мәліметтерді растау үшін қосымшадан нотариусқа бейнебайланыс арқылы қоңырау шалу;
  • белгіленген тариф бойынша нотариус қызметін төлеу;
  • «Цифрлық құжаттар» бөлімінде цифрлық сенімхатты алу керек.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің «цифрлық» бастамалары аясында (сондай-ақ Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде) Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері және Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп іске қосылды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: