Жаңаөзеннен келген бес мұнайшы жауапқа тартылды
Сурет: Zakon.kz
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев 12 сәуірде мәжіліс кулуарларында Жаңаөзеннен келген бес мұнайшы Астанада ереуіл ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол әкімдіктің, прокуратураның бейбіт жиналыстар өткізу ережелері туралы түсіндірулеріне қарамастан, мұнайшылар тарай қоймағанын атап өтті. Оның айтуынша, полицияға барлығы 120-126-дай адам жеткізілген.
"Бұл мәселені шешу үшін "ҚазМұнайГаз", сондай-ақ Энергетика министрлігінің басшылық құрамы осы жұмысшылармен кездесу өткізді. Оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәл бұрынғы еңбек жағдайы және дәл бұынғы жалақысын сақтай отырып Маңғыстаудағы басқа компанияларға жұмысқа кіргізу ұсынылды. Дегенмен ереуілге қатысушылар ол ұсынысты қабылдамады. Айта кетерлігі, жиын өткізу тәртібі бұзылды. "Бейбіт жиналыстарды өткізу туралы" ҚР заңына сәйкес, мұндай жиналыстар хабарлау арқылы өткізіледі, яғни жергілікті атқарушы органдарын тиісті белгілеген жерде бес күн бұрын алдын ала хабардар ету қажет. Бірақ компания жұмысшылары тарапынан мұндай хабарлама жолданбаған. Сол себепті прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдармен бірге бұл жұмысшыларға осы заңның талаптарының сақталуын бірнеше мәрте түсіндірді, тиісті хабарлама беруді сұрады және оны сақтамаған жағдайда заңсыз ереуіл өткізіліп жатқан жерді босатуды ұсындық. Дегенмен заң талаптары сақталмай, заңсыз жиналыс жалғаса берді".Жандос Өміралиев
Ол осы себепті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналысқа қатысушылар ішкі істер органдарына жеткізілгенін атап өтті.
"Оның нәтижесімен тиісті профилактикалық жұмыс жүргізілді. Барлық жұмысшы қайтарылды. Бірақ ішінде айрықша белсенділік көрсеткен бес азаматқа қатысты тиісті әкімшлік іс қозғалып, оларға ескерту тәртібінде шара қолданылды. Дегенмен олар да үйіне қайтарылды". Жандос Өміралиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript