Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Рыбакинаға сағат пен орамал сыйлады

Тоқаев Рыбакинаға сағат пен орамал сыйлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 14:27 Сурет: akorda.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі қалай өткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кездесу жақсы өтті, әрине, таңертең қобалжыдым, Болат Жамитұлымен бірге бардық, жалпы ойдағыдай өтті. Болашақ жоспарларым туралы айтып бердім. Алдағы матчтар туралы сөйлестік. Бұған дейін жеткен жетістігіме құтты болсын айтты". Елена Рыбакина

Рыбакина сонымен бірге Президенттен сыйлық алғанын айтты.

«Сағат және орамал сыйлады», - деді теннисші.

Ал теннисші Президентке кітап сыйлағаны белгілі болды.

Рыбакина кедесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 14:27

Сурет: Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда елімізде 30 мыңнан аса адам тенниспен шұғылданатынына тоқталды. Оның 10 мыңнан астамы – 10 жасқа дейінгі балалар. Осы спорт түріне бұқаралық сипат беру мақсатында еліміздің 17 аймағында теннис корттары салынды. Сондай-ақ Baby tennis, "10 жасқа дейінгі теннис" секілді жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр.

14-15 сәуір күндері Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтеді. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.

Мемлекет басшысы халықаралық деңгейдегі мұндай іс-шараларды ұйымдастыру еліміздегі теннистің даму деңгейін арттыруға тың серпін беретінін айтты. Сондай-ақ Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған отандық теннисшілерге сәттілік тіледі.

Еске салайық, бір күн бұрын Ақордағы әлемдік деңгейдегі жұлдыз келетіні хабарланды. Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: