Сауд Арабиясында қар жауды

Сауд Арабиясы, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 14:53 Сурет: arabi21.com
Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы әл-Баха провинциясында қар жауды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Табиғаттың тосын мінезінен көптеген жол жабылып, көліктер қар құрсауында қалды. Оқушылар қашықтан оқуға көшірілді.

Сауд Арабиясында, әсіресе елдің солтүстік аумағында көктем салқын болып, түнде ауа температурасы 15°C-тан төмен болуы мүмкін. Орталық және оңтүстік аймақтарда күн жылы болады, бұл өңірлерде түндегі орташа температура шамамен 20°C болады. Көктемде негізінен елдің орталық бөлігі мен оңтүстік-батысы, әсіресе Асир таулары жауын-шашынды келеді.

Әлеуметтік желілерде көшеде жатқан қардың бейнежазбасы тарап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: