Таразда 102 жастағы қария құжат алды

қария, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2023 12:30 Сурет: видео скрині
Таразда 102 жастағы тұрғын мерзімі өткен жеке куәлігін айырбастады. Көші-қон қызметі құжатты қарияның үйіне әкеліп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кемелбек Шәменов - соғыс ардагері. Ол Түркістан облысына қарасты Шәуілдір ауданында дүниеге келген. Соғыстан кейін түрлі салада еңбек еткен. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Ол қазір қызының қолында тұрады. Қызының өзі 70-тен асқан.

Өзі 4 баладан 15 немере мен екі шөбере сүйген.

Бүгінде Жамбыл облысында 17 соғыс ардагері тұрады. Ал 90 мен 100 жас аралығындағы 10 мыңнан аса адам бар.

"Денсаулығы шектеулі азаматтар көші-қон қызметіне бара алмайтын азаматтар өтініш білдірген жағдайда, осындай өзіміздің қызметіміз бойынша жеке куәлік береміз. Бүгінгі мына атамыздың жасы 102-де. Жыл басынан бері осындай 80 мен 100 жас арасындағы 38 қарияға жеке куәлік бердік".Қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы Совет Кенжебаев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: