Төтенше жағдай режимінде құжаттардың мерзімі аяқталса, не істеу керек

Құжат ауыстыру, көші-қон қызметі, төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 10:43 Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен кейбір құжаттар жарамды деп танылады. Бұл туралы ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ел аумағында «Төтенше жағдай енгізу туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына байланысты төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен келесі құжаттар жарамды деп танылады:

  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты және жеке куәлігі;

  • Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұру ықтиярхаты;

  • Азаматтығы жоқ тұлға куәлігі;

  • Босқын куәлігі;

  • Пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

  • Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатнама

  • Визалар;

  • Еңбек мигранттарына рұқсатнама.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ауыстыру (ұзарту) әкімшілік жауапкершілікке тартпастан, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер аталған мәселе бойынша төтенше жағдай аяқталған соң 30 тәулік ішінде хабарласуға болады .

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: