Жаңалықтар тізбегі
0

Тәліптер Қазақстандағы Ауғанстан елшілігін басқарады – СІМ

СІМ: Тәліптер Қазақстандағы Ауғанстан елшілігін басқарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 16:52 Сурет: pixabay
Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің дипломаттарын аккредиттеуге рұқсат берді. Бұл туралы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің дипломаттарын аккредиттеу туралы өтінішіне жауап ретінде оң шешім қабылдап отыр.

"Осы орайда жағдайды түсіндіргім келеді. Алдыңғы режим құлдыраған соң 2021 жылы тамызда билік вакуумы пайда болды. Ауғанстан ислам республикасының шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуді тоқтатты. Әрине, жағдай күрделі, бірақ аса ерекше емес. Тарихта бірқатар мемлекеттерде билік өзгеруінің көп мысалы бар. Өз кезегінде бұл жаңа биліктің заңдылығы мәселесін тудырады".СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Смадияров Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың қыркүйегінде, яғни Талибан билікке келгеннен кейін айтқан "Біз Ауғанстанды қазіргі қиындықтармен бетпе-бет қалдырмаймыз»"деген сөзін еске салды.

"Президент Ауғанстанмен ынтымақтастығымыздың гуманитарлық құрамдас бөлігіне көңіл бөлгеніне назар аударамын. Мысалы, Ауғанстанда тұтынылатын ұнның 90%-ы Қазақстандікі. Дәл осы гуманитарлық аспект Сауда министрі Серік Жұманғариннің Кабулға сапарының басты назарында болды. Бұдан әрі ауған тақырыбы халықаралық қауымдастықтың назарында қалатынын атап өткім келеді".Айбек Смадияров

Наурыз айының соңында Қазақстанда заңсыз болып есептелетін тәліптердің мүшесі, Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки кейбір елдер жақын күндері Кабулдағы елшіліктерін қайта ашуға күш салып жатқанын айтты.




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: