Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлмира Сатыбалды өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық танытты

Сот отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 19:06 Сурет: Zakon.kz
Байқоңыр ауданының №2 сотында сотталушы Гүлмира Сатыбалды өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық танытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот Гүлмира Сатыбалдының өтініші бойынша оның және адвокаттары мен қорғаушыларының айтқандарын, суреттері мен дәйексөздерін БАҚ-та жариялауға тыйым салды, осыған байланысты біз оның соңғы өтінішін қысқаша келтіре аламыз.

Гүлмира Сатыбалды Байқоңыр ауданының № 2 сотының судьясы Кемеңгер Имашевқа қарсылық танытты.

Қорғаушы тарап өкілдері судья жұмысына қарсылықты жариялай отырып, Гүлмира Сатыбалды ҚР ҚІЖК-нің 23-бабына сүйенетінін жеткізді. Бұл бапта сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың іс жүргізу міндеттерін орындауы және оларға берілген құқықтарды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті екені көрсетілген. Олар судья Кемеңгер Имашев өздеріне аталған жағдайды жасамады деп мәлімдеді.

Адвокаттардың айтуынша, сотталушының қызы (ол да оның қорғаушысы болып табылады) сот отырысының хатшысына сот процесі барысында ұйықтап қалған судьяны оятуды сұрап, SMS-хабарлама жазуға мәжбүр болған. 

Сотталушы мен оның адвокаттарының судьядан бас тарту туралы өтінішін Байқоңыр ауданының №2  сотының судьясы Нұрлан Баяхметов тыңдады.

Басқа сотталушылардың да қорғаушылары судьядан бас тарту туралы өтінішті қолдады.

Сонымен қатар жәбірленуші Тұрсенғали Алагөзовтың өкілі - Ақмарал Буралхиева судьядан бас тартуды қолдамады және өтінішхатта көрсетілген мән-жайлар ҚР ҚІЖК-нің 87-бабында көрсетілген наразылық білдіру негіздері тізбесінде жоқ екенін мәлімдеді.

"Судья Имашев осы істі қарау кезінде тараптарға - біздің құқықтарымызды іске асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. Екі апта бойында іс бойынша тіркелген дәлелдемелерге зерттеу жүргізіледі. Қорғаушы тараптан ұсынылған суреттер мен видео сипатындағы барлық дәлелді заттар зерттеліп, процесс барлық тараппен талқыланды. Судья Имашев бұл істің нәтижесі қалай болатындығына мүдделі емес деп санаймын. Оның қандай да бір өтінішті қанағаттандырудан бас тартуы судьяны ауыстыруға негіз бола алмайды". Ақмарал Буралхиева

Мемлекеттік айыптаушы-прокурор Азамат Сәрсембаев судья ұйықтап қалды деген сөздер шындыққа жанаспайтынын айтты. Сөйтіп судьяға наразылық білдіру туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

"Сотталушы Сатыбалды мен адвокат Даниялованың өтініштерінде көрсетілген дәлелдер ҚР ҚІЖК-нің 87-бабына сәйкес, судьяға қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды. Іс бойынша процеске төрағалық етуші судьяның осы іске тікелей немесе жанама түрде мүдделі екенін растайтын мән-жайлар жоқ. Процеске қатысушылар мәлімдеген барлық өтініштер ҚІЖК шеңберінде олардың объективтілігі мен негізділігін ескере отырып қаралады. Сондай-ақ сот тараптарға сот процесіне дайындалу, медиативтік келісім жасасу үшін сот отырысында мүмкіндік пен уақыт береді". Азамат Сәрсембаев

Судья Нұрлан Баяхметов судья Кемеңгер Имашевты ауыстырудан бас тартты.

"Судьяның істі қарауға немқұрайлы қарауы, оны жеткілікті деңгейде зерттемеуі және процесте көзін жұмып отырғаны туралы дәлелдер де апелляциялық шағымда талқылануы мүмкін. Бұл бөлімде сот айыптаушы тараптың мұндай мәлімдемелердің негізсіз екендігі туралы дәлелдеріне де назар аударады. Сондықтан ҚР ҚІЖК 87-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, судьяға наразылық білдіру үшін негіздер бұл арада жоқ. Сот сотталушы Сатыбалдының судья Имашевтен бас тартуы туралы арызын қанағаттандырудан бас тартады. Қаулы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды". Нұрлан Бияхметов


Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау және өз еркімен әрекет ету және қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырды деп айыпталады. Сотта бизнесін рейдерлік жолмен басып алғанына арызданған екі жәбірленуші бар. Келтірілген залал сомасы 6 млрд теңгеден асады. Бұл туралы 2022 жылдың наурыз айында белгілі болды.

Гүлмира Сатыбалды 16 наурызда Астанада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жабылды.

10 сәуірде Гүлмира Сатыбалды мен жәбірленушілердің бірі медиативтік келісімге келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: