Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы "Кенжехан" базарының сатушылары шу шығарды

Кенжехан базары, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 01:45 Сурет: видео скрині
"5 миллион теңге бермесек, базардан кетіреді". Алматыда "Кенжехан" базарының 1,5 мың сатушысы осылай деп шу шығарды. Олардың айтуынша, жазда сауда нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Ал оның ақшасын базар басшысы осындағы кәсіпкерлерден бір айдың ішінде өндіріп аламақшы екен.
"Тақалған кезде тағы "10 мың доллар керек" дейді. Расында бір айда 10 мың доллар іс жүзінде ешкім шығара алмайды. Ол кепіл. Бүйту керек қой, бірінші, мен өзім заңды оқығанмын, шарт әкелуі керек, әкімдік рұқсаты керек. Қызыл сызықта бар ма, жоқ па?". Cаудагер Қадырәлі Жұмадүрді
Кезінде контейнерді сатып алған кәсіпкерлер тағы да шығынға батайын деп тұр. Ал бір жыл бұрын ауысқан базар басшылығы бұған бас қатырмайды дейді.
"2014 жылы 12 500 доллардан бәріміз сатып алғанбыз. Енді бүгін контейнерлерімізді кері сатып алуымыз керек екен. Мысалы, менің екі орным бар, 20 мың долларға бір айдың ішінде аяқасты тауып бере алмаймын. Өйткені алдымызда маусым келе жатыр". Cаудагер Ануза Дәуітова
"Кенжехан" базары 2014 жылы ашылған. Негізінен аяқ-киім, киім-кешек және құрылыс материалдарын сатады. Екіқабатты контейнерлерден соғылған.

КТК телеарнасының хабарлауынша, саудагерлер базар әкімшілігіне шамамен 50 мың, ал оны сатып алған қожайынға 150 мың теңге төлейді. Сонда ай сайынғы төлем орташа 200 мың теңгеден асады. 

Былтыр келген жаңа басшыны ешкім көрмеген. Тегін ғана біледі. Оның орнына өзін  атқарушы директормын деген базар өкілі келген. Күрделі жөндеуге 1 600 саудагерден 5 миллион теңгеден ақша жиналатынын айтып отыр. Бұл - 8 миллиард теңге. Ал модернизацияның өзіне 10 миллиард жұмсалса, соның 80 пайызы кәсіпкелердің қалтасынан шыққалы тұр.
"Үкімет ақша береді, бәленбай миллиард модернизацияға, қарызға деген, бірақ несиені әзірге бермей жатыр. Оған сол үшін халық өзі ақшасын шығарады. Бірақ әр адаммен келісімшарт жасаймыз"."Кенжехан" базарының атқарушы директоры Ардақ Тажиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: